С.МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: Бірақ тындырып жатқандары аз
Бізде қысылтаяң күн туса да шенеуніктерді қайғылы отбасының қасынан көруің қиын. Өйткені жұмыстан қолдары босамайды. Бірақ тындырып жатқандары аз. Осының өзі-ақ билік пен халықтың аражігінің қаншалықты алыстап кеткенін көрсетіп тұрғандай…
Халық неге ашынады? Әділетсіздік белең алғасын ашынады. Өз елінде, өз жерінде құл болғасын күйінеді. Тәуелсіздік алғаннан бері өзгенің қас-қабағына қарау, олардікі бұрыс болса да бұра тарту, бас жарылып, қол сынса да, өзге ұлт өкілінің табанына салып беру үздіксіз жалғасып келеді. Өзгелердің тыныштығы үшін, өз бауырыңды қан қақсату – биліктің ең сорақы қадамы. Халық бұған қалай ашынбайды?
elana.kz