С.МЕШІТБАЙҚЫЗЫ: Оны өздерi де түйсiнiп отырғандай

Қазақ қоға­мына үлкен р­ефор­ма керек және реформа би­лік­тің тап өзінен бас­талуы тиіс. Әйт­­­­песе бүгінгі соқ­­­қан дауылдың арты қарлы боран мен ақшұнақ аязға айналып кетуі бек мүмкін.
«Бізде бәрі керемет, бізде бәрі күшті!» деген­нің заманы өтіп барады. Нақты іс бол­маса, мұндай ертегіге енді ешкім сенбейді. Халық оянды, оны қалың ұйқыдан оятқан жетіспеушілік пен мұқтаждық… «Мені құрт­қан Көкшолақ» демекші, біздің билікті де тығы­рыққа тіреген, түбіне жеткен мақтан мен мадақ па деп қорқамын.
Халықтың ашу-ызасын туғызатын жем­қорлыққа белшесінен батқан шенділер шет­тетілмей, бюрократия шырмауына шыр­малған шенеуніктер тазартылмай, бүгінгі биліктің алысқа шабуы екіталай. Оны өздері де түйсініп отырғандай.

elana.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.