Сәбит ДОСАНОВ, жазушы: … балта шабылса, онда біздің елге жұмақ орнар еді

Ауыз суға жарымаған ауылдағы ағайынның халі аянышты. Жарық, жылу, жолдың жырымен жүрген жұртты көргенде жүрегім ауырады. Олардың көзінен тек ғана алдағы жарқын күнге деген үмітті ғана көремін. Сол үміттері ақталса екен деймін…

Әрине, біздің Қазақстан жер бетіндегі ең бай мемлекеттердің бірі. Санаулы халықтың бар жағдайын жасауға шамасы да жетерлік. Бәріне кедергі келтіріп отырған нәрсе – ол жемқорлық. Қоғамның барлық саласын жайлаған осы бір дертке түп-тамырымен балта шабылса, онда біздің елге жұмақ орнар еді. Оффшорларда жатқан жүз миллиард доллар қайтса, онда еліміздің 20 млн. тұрғынының әрбіріне коттедж салып беруге жетер еді.

Отыз жыл мемлекет басқарып, КПСС Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі болған Дінмұхамед Қонаев керемет демократ еді. Кез-келген адам хабарласып, өзінің мұң-мұқтажын, алғыс-тілегін айта беретін. Ал, босамай жатса, міндетті түрде өздері телефон соғатын. Ал қазір министр тұрмақ, оның орынбасарымен телефон арқылы тілдесудің өзі мұң. Биліктің тізгінін ұстаған азаматтардың басты кемшілігі – көпшілігінің халықтан қол үзіп кеткендігінде.

qazaquni.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.