САХНА САҢЛАҒЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, театрдың абыз ақсақалы  Мəжіт Ілиясқардың 80 жасқа толған мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды ОҚО Мəдениет басқармасының баспасөз қызметі.


Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында 55 жыл аянбай еңбек етіп, өнер өмірімен біте қайнаған сахна саңлағы театрда қазақтың, басқа да көптеген ұлттардың түрлi жанрдағы туындыларының кейiпкерлерiн сомдап шықса, 300-ден астам рөлдер  ішінде М.Әуезовтен — Кеңгірбай, Алшағыр, Көбікті, Жабай, Жарылғап, Хлыновский, Долгов, Ғ.Мүсіреповтен — Жылкелді, Қоңқай, Балта, Қодар, Қарабай, Жантық, Ә.Таразиден —  «Қорқау жұлдызындағы» Д.Қонаев бейнелерін жасап, шетел драматургиясынан Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатындағы» — Гофмаршал Фон Кальб, У.Шекспирдің «Ромео-Джульеттасы» мен «Юлий Цезарындағы» — Меркуцио мен Кассий, Ж.Б.Мольердің «Сараңындағы» — Горпогон, Н.Гогольдің «Үйленуіндегі» — Жевакин, М.Шолоховтың «Көтерілген Тыңындағы» — Осетровтың образдары  өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген.


Мəжіт Жамбылұлы елге сіңірген елеулі еңбектеріңіздің арқасында Қазақстан Республикасыңың «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдары, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы, «Көпжылдық сахналық еңбегі үшін» дипломы мен сыйлының иегері, Қазақстан Театр фестивалінің лауреаты атанған.


Мəжіт Жамбылұлының 80 жылдық мерейтойына арналған кеште облыстық мəдениет басқармасының мəдениет жəне өнер бөлімінің басшысы Шарафиева  Ғалия Аликенқызы облыс əкімінің құттықтау хаты мен сыйлықтарын табыстады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.