САҚТАН! «Салафизм» діни ағымы
Қазақстан Республикасы көпэтносты, көп конфессиялы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының құқықтарын қамтамасыз етуде жоғары ден қояды.
Әлем елімізді бейбітшілік пен келісім орталығы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы дамып келе жатқан мемлекет ретінде мойындайды. Сан ұлттарды бауырына басып, тілі мен дінін, тарихы мен танымын асыл аманатындай сақтап келеді.
Алайда, бейбітшілігімізді бұзғысы келетін кертартпа діни ағымдардың әр жерден болса да көрініс беріп жататыны көпшіліктің назарын аударуда.
Сан ғасырлық тарихымыз бен салт, әдеп-ғұрпымызбен етене қайнасып, сабақтас дамып келе жатқан асыл дініміз Ислам, сүнниттік бағыт, Имам Ағзам мазхабы.
Соңғы кездері дәстүрлі емес діни ағымдар қатарынан «салафизм» деген ұғым пайда болды. Салафизм сөзінің араб тіліндегі түп-төркіні «салаф», яғни«бұрынғы өткен, алдыңғылар» деген сөзден шыққан. Ислам тарихындағы алғашқы үш буын — Мұхаммед пайғамбардың сахабалары, табиғиндер және олардың ізбасарлары. Бұл үш буынның ұстанған жолы ақиқат әрі ең дұрыс болып саналады.Олар діннің таза қалпында сақтап, ғылым, білім арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне ден қойған тұлғалар.
Қоғамда шоқша сақал қойып, өздерін «салафимыз» дейтіндер «өткендердің ізін жалғастырушы», «таза дінді ұстанушы», мазхабты мойындамайтын салт-дәстүрлерді теріске шығаратын және өзі білмейтін өзгенің идеологиясын жалау етіп жүрген діни саяси бағыт емес па? Мухаммед Пайғамбарымыздың тұсында ерекше атаққа ие болған салафтар қазіргі уақытта әлі де тірі ме? Жылдар емес ғасырлар өтіп кеткен жоқ па? Олай болса, салафтармыз деген сөзді қалай айта аламыз? Міне осыны терең білгеніміз абзал.
Жастардың санасынан «ұлттық негіз», «отансүйгіштік», «салт-дәстүр» атты құндылықтардан айыру, мәңгүт етіп, бір-біріне айдап салуды көздейтін бұл ағымнан сақтануымыз қажет.
Бұл бағытта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысына зор үміт жүктеледі.
Ал мемлекеттік органдарға «салафизм» діни ағымының идеологиясын әшкерелеу мақсатында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан да күш салу қажет.