САЛАЛАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент  қаласының әкімі  М.Әйтеновтің  төрағалығымен салалардағы индикаторлардың орындалуы мен өзекті мәселелер бойынша жиын өтті. Жиналыста 6 айда атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер сараланды.

Кемшіліктерге талдау жасалып, тиісті салаларға ескертулер жасалды.

Бекітілген жұмыс жоспарын сапалы жүзеге асыру мақсатында қала әкімі нақты тапсырмалар берді:

апта сайын азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жасап, баяндау;

бала мен ана өліміне жол бермеу мақсатында кешенді жұмыс жоспарын бекіту;

электр қуатын үнемдеу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;

егілетін ағаш орындары мен суағар мәселесін тыянақты дайындау;

білім сапасын көтеру бағытында мектептерді жіті бақылауға алу;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатын жобаларды қатаң бақылау.

Жұмыстардың орындалу барысы хаттамамен бекітіліп, нәтижесі әр апта баяндалуы тапсырылды.

Шымкент қаласы әкімдігініңбаспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.