«SANALY URPAQ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАР ӨЗ ИДЕЯСЫН ІСКЕ АСЫРУДА

Ағымдағы жылғы 19 сәуір күні өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Мемлекеттік қымет көрсету Департаментінің директоры Ильдар Бахытұлы Үйсімбаев Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ қабырғасынан ашылған «Sanaly urpaq» Жобалық кеңсесінің жәнестуденттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Агенттік өкілі Ильдар Бахытұлы білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою елімізде орындауды талап ететін басты мақсаттардың бірі, бұл тұрғыда Агенттік барлық оқу орындарымен бірлесіп тығыз жұмыстар жүргізуде, соның бір айғағы Сіздердің оқу орындарыңызда «Sanaly urpaq» Жобалық кеңсесінің ашылып жұмыс жүргізіп жатқанын айтып өтті.

Университет жанынан ашылған  «Sanaly urpaq» Жобалық кеңсесі жетекшісі Агенттік тарапынан студенттерді қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға алғыс білдіріп, сыбайлас жемқорлықтың төмендетуге бағытталған Университет жанынан ашылған Жобалық кеңседе дайындалып жатқан бірнеше ұсыныстар туралы айтты.

Ал, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылған студенттерге қызмет көрсету орталығы студенттердің уақыттарын үнемдеуге және алаңсыз білім алуына мүмкіндік беріп отыр.

Айта кетсек, 12.12.2018 күні Агенттік Төрағасының орынбасары Шайымова Айгүл Амантайқызы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Sanaly urpaq»» жобалық кеңсесін салтанатты түрде ашқан болатын.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.