САЯБАҚТЫ КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкентте қаланы көркейту жұмыстары жалғасуда. Нақты айтқанда, Шымкент қаласы №1 жол бойында орналасқан құрылыс қалдықтары полигоны аумағына саябақ салу құрылысы аяқталып, бүгінде абаттандыру шаралары қолға алынуда.

Осы орайда, «Алатау» саябағына «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021 — 2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы 101-ші индикаторының орындалуына бақылау жасау мақсатында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы маманының қатысуымен көшпелі іс-шара өтті.

Аталған саябақтың құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер «Кентау» ЖШС-гі, жобаның сметалық құны 336 000 000 тг құраған. 2021 жылы 30 қыркүйекте саябақ құрылысы толығымен аяқталып, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгеріміне өткізілді. Қазан айында басқармамен аталған «Алатау» саябағына 2263 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Оның 800 данасы қылқан жапырақты ағаш көшеттері, 1463 данасы жай жапырақты ағаш көшеттері.

Бүгінгі таңда, саябақты «Build stroy» ЖШС-гі тарапынан күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.

Жер телімінің ауданы мемлекеттік акт бойынша 5,48 га құрайды. Сонымен қатар, саябақта демалыс алаңы, спорт алаңшасы және 4 көше тренажерларының спорт алаңы қарастырылған.

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.