САЯСИ НАУҚАНҒА САНУЛЫ КҮНДЕР ҚАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 5 мамыры күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 5 маусым күні Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. «AMANAT» партиясының аймақтық және аумақтық филиалдары жанынан штабтар құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Осы орайда «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиында сөз алған «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Әлібекқызы, алдағы саяси науқанның маңыздылығына тоқталды.
— Бұл жан-жақты сараланған тарихи шешім. Біздің міндетіміз – Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформаларды халыққа дұрыс әрі түсінікті жеткізу. Сіз бен біз жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұрмыз. Референдум – азаматардың саясатқа араласу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған еліміздің қоғамдық-саяси жүйесін жаңартатын бірден-бір жол. Алдағы өзгерістердің ауқымын ескерсек дауыс беруге барша қазақстандық қатысуы маңызды, – деді Ж.Бектаева.
Бас қосуға «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Б.Тайжан, Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры Б.Спанов, жергілікті БАҚ өкілдері және белсенді жастар қатысты.