САЯСИ ТҰҒЫРНАМАҒА ТЫҢ ҰСЫНЫСТАР ЖАСАЛДЫ
🇰🇿«AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі болып табылады. Құжат Шымкенттегі әрбір партияласымыздың қатысуымен тыңдалды. Бастауыш партия ұйымдары, аудандық, қалалық деңгейде жиындар өткізіп, тұғырнамамен танысты. Өзара кеңінен талқыланып, әр қатысушының ой пікірі ескерілді.
✅Тұғырнама бүгін де «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен кезектен тыс XLIII (43) конференциясында айтылды. Жиынға аудандық конференциядан сайланған 110 делегат, яғни саяси кеңестің мүшелері, партия ардагерлері, фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
📍Басқосуда сондай ақ, «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезіне Шымкент қаласынан делегаттар сайлау бойынша жиналғандар дауысқа салды.
🔖Жиын соңында шаһар басшысы, партияның қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезіне Шымкент қаласынан сайланған делегаттарды шын жүректен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
#AMANATaimak