Сенат Қазақстанның Жоғарғы сотына жаңа судья тағайындады
QAZYGURT.KZ: Сенат Мейрамбек Таймерденовты Жоғарғы сот судьясы қызметіне тағайындады.
Мейрамбек Таймерденов 1958 жетінші қарашада Алматы облысы, Қаскелен ауданы, Шемалған ауылында дүниеге келген.
Құқықтану ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолын заңгер мамандығы бойынша 1983 жылы Алматы облысы Қаскелең аудандық халық сотының сот орындаушысы қызметінен бастаған.
- 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚМУ-ны тәмәмдаған.
- 1992 жылдан 1997 жылдар аралығында Алматы облысының прокуратурасында, Бас прокуратурада қызмет еткен.
- 1997 жылы сәуірдің 27-нен бастап Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы болып тағайындалды.
- 1999 жылы президенттің 16 қарашадағы №265 қаулысы бойынша, Алматы облыстық сотының судьясы.
- 2001-2005 жылдары Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
- 2006 жылы Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметіне келді.
- 2007 жылдың 26 наурызынан бастап Алматы облыстық сотының төрағасы ретінде тағайындалды.
- 2012 жылдың наурызынан бастап Алматы қалалық сотының төрағасы.
- 2013 жылы президенттің 12 желтоқсандағы шығарған №710 қаулысы бойынша, Алматы облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарының иегері. «Сот жүйесінің құрметті қызметкері», «Үш би» құрмет белгісімен, медалями «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін», «Мінсіз қызметі үшін» үшінші деңгейлі медалімен, «Парасат» орденімен марапатталған. .
АҚПАРАТ көзі: kaz.nur.kz