СЕНІМ ЖӘШІГІ ЖОБАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

«Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының» тапсырысы бойынша «Auezov Jastary» қоғамдық қоры «Сенім жәшігі» жобасын ұйымдастыруда.

Сенім жәшігін орнатудағы басты мақсат — Жастар арасындағы қылмыс, буллинг және психотропты есірткі заттарының алдын алу.

Сонымен бірге студенттер мен оқытушы құрам арасындағы орын алатын заң бұзушылықтарды құзыретті органдарға жеткізу және университетте ашықтықты, әділеттілікті, адалдық құндылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Жалпы алғанда «Сенім жәшігі» жобасы аясында Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, жатақханаларында 100 сенім жәшігі қойылуда.

«Сенім жәшіктері» тек қойылып ғана қоймай, оқу жылы басталған уақытта бастап барлық студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сенім жәшігі бойынша оқу жылы басталған уақыттан бастап әр ай сайын ашылып, түскен хаттар бойынша «Auezov Jastary» қоғамдық қоры жұмыстар жүргізеді.

Ал жыл соңында жалпы сенім жәшігіне түскен ақпараттар бойынша мониторинг жасалады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.