ШАРДАРА АУДАНЫНДА АЗАМАТТАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЖАҢА «СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» АШЫЛДЫ

  • Бүгін Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында мемлекеттік қызметтің сапасы мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың туындауын болдырмауға бағытталған «сервистік әкімдік» ашылып, ел игілігіне берілді.
    Қалалық әкімдік жанынан ашылған жаңа нысанның ашылу рәсіміне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Мирас Қарғабай мен Шардара ауданының әкімі қатысып, жергілікті тұрғындарға ашық, әрі тиімді қызмет көрсету мақсатында ашылған «сервистік әкімдіктің» мүмкіншілігімен танысты.
    Жаңа кеңседе мемлекеттік қызметтің 70-тен аса түрі, соның ішінде жер қатынастары, ауылшаруашылық, тұрғын-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен білім бөлімдері бойынша қызмет көрсетіледі.
    Мұнда азаматтарды қабылдау, өтініштерді жедел қарау, құқықтық кеңес беру, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді көрсету мүмкіншіліктері қарастырылған.
  • Бүгінгі кезекті «сервистік әкімдік» азаматтарға қолайлы жағдай жасауға және тұтынушылардың кедергісіз қызмет алуларына мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға тікелей ықпал ететін болады.
    Жыл соңына дейін Түркістан облысына қарасты қала/аудандарда Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «сервистік әкімдіктердің» қатары көбейіп, атқарушы билік өкілдері мен өңір азаматтарының арасында ашықтық қағидаты қалыптасатын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.