Шілдеден бастап мемқызметшілердің жалақысы қалай өседі

QAZYGURT.KZ: ҚР Үкіметі бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеруге 170 млрд теңге бөлмек.

«Сараланған кірісті есептей отырып, бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 169,7 млрд теңге бөлінетін болады. Ұлттық экономика министрлігі облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі еңбек ететін айлығы төмен қызметкерлердің лауазымдық еңбекақысының коэфицентін арттыру жолымен бірыңғай еңбек төлемі жүйесіне өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл ретте 37 мың мемлекеттік қызметші қамтылатын болады», — дейді Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Парламент Мәжілісінің ҚР 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылауға арналған отырысында. Оның айтуына қарағанда, орташа есеппен айлық 25 пайызға, ал мамандардың жалақысы 25-30 пайызға, бөлімше басшыларының айлығы 10-15 пайызға өседі. Вице-министр өз сөзіне қарағанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтық қызметкерлерге қатысты жұмыс жүргізіп жатқанын баян етті. «Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері бойынша белгілі бір ерекшеліктер бар. Жауапты органдар бүгінгі талқы барысында ол мәселе жайлы баян ететін болады», — дейді Татьяна Савельева. Еске сала кетсек, Президент «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған болатын.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.