ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «АВТОНҰР» БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракция мүшесі Б.Бекжанов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, қалалық мәслихат депутаттары Д.Исабеков, М.Жолдыхожаев және Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев «Автонұр» базарында кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиында халық қалаулылары қала тұрғындарына республикалық референдум туралы ақпаратпен бөлісті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 маусымда болатын жалпыұлттық референдум жайлы шешімі мемлекеттің әрбір азаматына үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, алдағы күнге маңызды қадам жасауға жетелейді. Мәжілісмен Б.Бекжанов басқосуға қатысушыларға Ата Заңға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларды егжей-тегжей түсіндіріп, кәсіпкерлер үшін референдумға да, мемлекет өміріне де белсенді қатысудың маңыздылығын түсіндірді.

«Автонұр» базарының кәсіпкерлері референдум өткізуді, сондай-ақ Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігін бірауыздан қолдай отырып, елдің кәсіпкерлік саласының болашағына үлкен сенім білдірді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.