ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 53-ке жетті.

Вирус 1990 ж. Түркістан қаласының тұрғынынан табылды. Ол 11 сәуір күні Жетісай ауданынан келген.

Сондай-ақ 1992 жылғы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі, Қосбұлақ ауылының тұрғыны, 1981 ж. және 2007 жылғы Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінің тұрғындарында COVID-19 инфекциясы анықталды. Аталған азаматтар коронавируспен ауырып жатқан науқаспен жақын байланыста болған.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған). Сондай-ақ,  Кентауда — 5, Ордабасы  — 4, Сайрам — 3, Мақтарал — 4, Арыс — 14, Сарыағаш — 1, Бәйдібек -1, Түркістан қаласының — 1 тұрғыны індетке шалдыққан.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.