Шымкент: 2020 жылда жүргізушілер жолда маневр жасау кезінде 3500-ден астам бұзушылық жасады
Шымкент қаласы ПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің бірінші кезектегі міндеті азаматтардың көшелерде және қоғамдық орындарда қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Жол қозғалысының әрбір қатысушысы жол жүру ережелерін сақтауға, сондай-ақ қырағы және сақ болуға міндетті. Жол қозғалысының басқа қатысушыларына ынтымақтастық таныту.
Алайда статистикаға сүйенсек, жүргізушілер автокөлік құралын басқару кезінде оларға жүктелген жауапкершілікті ескермейді. Олар жол жүру ережелеріне немқұрайлы қарап, өзіне және басқа жол қозғалысының қатысушыларына қауіп төндіруде.
Шымкент қаласы ПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 2020 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы бойынша 3592 бұзушылық, ал 2021 жылдың басынан бастап 182 бұзушылық тіркеді. Барлығы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күнделікті қызметке кіріскен кезде қылмыстарды ізін суытпай ашады, қала көшелері мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтайды, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.