Шымкент: 23 жастағы жігіт құрылыс заттарын рұқсатсыз сатып, пайда таппақ болған
Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол арызында, екі жылдан бергі танысы өзінің үйінің ауласында тұрған құны 2 047 000 (екі миллион қырық жеті мың) теңге тұратын 130 дана құрылыс материалдарын рұқсатсыз, бас пайдасы үшін арзан бағаға сатып жібергенін жазып көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Жасы-23-те, уақытша жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған. Бұған дейін құрылыс аймақтарында жұмысшы болғаны анықталды.
Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап отыр. Тергеу әрекеттері жалғасуда.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі