Шымкент: 31 жастағы азамат дәмхана алдында тұрған велосипедті ұрлап кетті

Кафеге тамақтану үшін велосипедпен барып, жаяу қайтты. Дәмхана алдындағы автотұраққа уақытша аялдаған тұрғын велосипедін ұрлатып алды.

 

Бұл жайт бойынша 2022 жылдың 22-қыркүйегінде, күндізгі сағат 12:05-те Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында, кафенің кіреберісіндегі тұраққа уақытша қойған құны 85.000 теңге тұратын өзіне тиесілі велосипедін белгісіз тұлға жасырын түрде ұрлап кеткендігін жазып көрсеткен.

 

Аталған жайт ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Әл-Фараби АПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Сұрастыру жұмыстары қолға алынып, жақын маңайдағы бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде, Түркістан облысы Сарыағаш қаласының 31 жастағы тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Қазіргі кезде ұрланған велосипед заңды иесіне қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Осы ретте, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.