Шымкент: Әке жолын жалғаған тергеуші
Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция капитаны Ерубек Асхат Талғатұлы әке жолын қуып, полицейлер династиясын жалғастырған тәртіп сақшыларының бірі.
Ерубек Асхат Талғатұлы 1994 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әкесі –Абдранбаев Талғат Ерубекұлы ұзақ жылдар бойы Ішкі істер органдарының саласында қызмет атқаруды.
Талғат Ерубекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Шымкент қаласындағы № 43 орта мектепті аяқтап, Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде “еңбек мұғалімі” мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ, Қарағанды қаласындағы ҚР ҰҚК жоғарғы оқу орнын “заңгер” мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 1987-1989 жылдары Отан алдындағы борышын Иркутск қаласында өтеген. Әскерден елге оралған соң, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының ИЧ-167/1 мекемесіне тәрбие бөлімінің тәлімгері болып орналасады. Одан кейін әртүрлі қызметтерде, атап айтқанда, 1995-2008 жылдар аралығында ИЧ-167/1 мекемесінде жедел бөлімінің жедел уәкілі, жедел бөлімінің бастығы, мекеме бастығының орынбасары қызметін атқарады. 2008 жылы ИЧ-167/2 мекемесінің бастығы лауазымына тағайындалды. Ал 2012-2018 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ, 2018 жылдың қаңтар айынан шілде айы аралығында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жедел басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарды. Ал 2018 жылдың шілде айында Түркістан облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына тағайындалып әділет полковнигі шенінде қызмет атқаруды.
Ішкі істер органдары саласының қиындығына қарамастан Талғат Ерубекұлы адал жар, сыйлы әке атанып, екі ұлы тәрбилеуде.
«Әке көрген оқ жонар» деген нақыл бар. Ерік ағамыздың үлкен ұлы Асхатта әке жолын таңдаған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, полиция офицерінің отбасында туған Асхат Талғатұлы2011 жылы Шымкент қаласының №88 жалпы орта мектебін бітірген соң, көп ойланбастан Қарағанды қаласы ІІМ Б.Бейсенов атындағы академиясына оқуға түскен, 2015 жылы білімін тәмамдап, ішкі істер органына қызметке орналасқан.
Тергеуші болу – өте жауапты, қиын жұмыс. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ұлым менің жолымды қуып, жұмыс істей бастаған алғашқы күндері қатты қобалжыдым. Бірақ, баламның қарымын қарап, мені ешқашан жерге қаратпайтынына сенімді болдым,- дейді әкесі.
Асхат өзінің қызметтік жолын 2015 жылдың сәуір айында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы болып бастағын, 2015 жылдың қыркүйек айында Ақтөбеқаласы Сазды полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып тағайындалады. 2017 жылы маусым айында Шымкент қаласы ПД Еңбекші ауданының полиция басқармасының тергеу бөлімінің аға тергеуші қызметінеауысып, қазіргі таңда қызметін аға тергеуші лауазымында атқаруда.
Жас болсын, егде болсын, қабілеті бар маман әрдайым өз ісінің нәтижесімен көзге түсетіні белгілі. Асхат Талғатұлы әу бастан өзінің осы салаға ептілігі барын аңғартып, тергеушілік қызметін тез меңгеріп, басшылардың ықыласына бөленді.
Ол Ақтөбе қаласы ПД басшысының Алғыс хатымен, аудандық Полиция бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.Әкем әрқашан әкелік көңілін білдіріп, жақсы маман болудың басты сыры — өз жұмысына адал болу керек екендігін айтып отырады,- дейді Асхат өз сөзінде.
Асқар тау әкенің әрбір сөзін жүрегінен өткізген ол бүгінгі таңда әкесінің атына кір келтірмеуге тырысып, өз ісіне, әрекетіне, қызметіне, халық алдындағы борышына үлкен жауапкершілікпен қарап келеді.