ШЫМКЕНТ ӘКІМІ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жеке инвестордың қатысуымен салынып жатқан мектептің құрылысын бақылады. Осы жылы тапсырылуы жоспарланған білім нысаны 500 орынға лайықталған.
Темірлан тасжолы бойында орналасқан мектепке мемлекеттік тапсырыс бойынша әр балаға жан басына шаққанда қаражат төленеді.
Анықтама
📍Шымкент қаласы бойынша жан басына қаржыландыру бір жылдың 10 айына беріледі.
▪️1-4 сынып әр оқушысы үшін 400 451 теңге,
▪️5-9 сынып оқушысы үшін 540 643 теңге,
▪️10-11 сынып оқушысына 642 528 тг қаржы қаралған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі