ШЫМКЕНТ: АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жаңа заман жастары біліммен қатар адалдық, парасаттылық деген адами құндылықтарды да бойына сіңіруі қажет.
Осы ретте «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Қамбар және қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Г.Дулатова Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.
Шара барысында әр адам несібесін өз еңбегімен, яғни адалдықпен тауып жеген адамның ең ардақты, халық алдында құрметті, сыйлы кісі саналатынын түсініп, сондай болуға өзі де талпынатындай үлгі-өнеге көріп, біліп өсуі керек деді.


Адалдық қасиеттерін жоғалтпай, қез-келген жағдайда оңай жол іздемей, өз білімдерімен сынақтардан өтуге шақырылды. Оқушылармен мамандық таңдауда жаңылыспау жайы талқыланып, болашақта адал қызмет етуге шақырылды.
Сонымен қатар, білім беру саласында қолға алынған «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» жобалары аясында атқарылған жұмыстар талқыланды.
Жиынға қатысушылар Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің «Open Space» форматындағы азаматтарды қабылдау бөлмесімен танысты.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.