Шымкент: Автокөлік ішінен ұялы телефон ұрлаған азамат үш жылға сотталды
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.
Ол Шымкент қаласының аумағындағы ірі сауда үйінің алдынан өтіп бара жатып, автокөлік ішінде тұрған ұялы телефонды жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі — 120 мың (жүз жиырма мың) теңгені құрап отыр.
Тергеу барысында азаматтың өзі ұрлаған телефонды қаладағы ломбардтардың біріне апарып, 30000 теңгеге өткізген. Одан түскен ақшаны несиесін жабу үшін жұмсағаны белгілі болды.
Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізген.
Сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларын, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, оның жеке басының деректерін ескере келе, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық) бойынша азаматқа «бас бостандығынан шектеу» түріндегі жазаны қолдану қажет деп тауып, 3 жылға үкім кесті.
Сондай-ақ, тағайындалған бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылауда болып, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жыл сайын 100 (жүз) сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылу міндеттелді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі