Шымкент: Автокөрме ұйымдастырған тұрғын жаупкершілікке тартылды
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері карантин талаптарының сақталу барысына тұрақты түрде мониторинг жүргізуде. Кезекті іс-шара барысында, яғни 17 қаңтар күні сағат 17:30 шамасында Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан «Авторазбор» автобөлшек сату орнында жүз адамнан асатын «Авто көрме» ұйымдастырғандарды анықтады. Карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігері Қаулысының талаптарын елемеген көрме ұйымдастырушысы жауапкершілікке тартылды. Көлікке қызығушылар мен көрме көрермендерінің басым бөлігі маска режимін сақтамағаны анықталды. Тәртіп сақшылары жедел әрекет ете отырып, жинағандарды таратты. Карантинді бұзудың барлық жайттар бойынша әкімшілік шара көру мақсатында жинақталған іс-құжаттар Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаына жолданды.