Шымкент: бағдаршамның қызыл түсіне өткен көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
2021 жылдың 8-мамыр күні жергілікті тұрғын Шымкент қаласының Полиция департаментінің Whatsapp желісіндегі «Жедел әрекет ету» чатына қаладағы Темірлан тас жолында мемлекеттік белгісі 281NUR13 «BMW 525» маркалы автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені туралы хабарлама жолдаған.
Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аталған хабарлама бойынша тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 2021 жылдың 9-мамыр күні тәртіп сақшылары жол жүру ережесін бұзған көлік иесін анықтады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігімен (бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту) әкімшілік хаттама толтырылды.
Құрметті жол қозғалысына қатысушылар (жүргізушілер)! Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.