Шымкент: Бір аптада мас күйінде көлік жүргізгені үшін 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылғы 30-6 желтоқсан аралығында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 9 жүргізушіні ұстады. Аталған жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері азаматтарға мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік туралы еске салып, автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.