Шымкент: «Бір нүктелік» іс-шарасы барысында екі мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған

Жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтаулары, жол-көлік оқиғаларын алдын алу, болдырмау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысты алдын алу мақсатында қала аумағында әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері тәртіп сақшыларымен «Бір нүктелік» рейдтік шарасы өткізілуде. Ағымдағы жылдың 3-5 маусым аралығында  2695 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Атап айтқанда, жол үстінде ұялы телефон пайдаланған 108 тұрғынға, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткен 16 азаматқа, көлік терезесі күн сәулесі өту мөлшері ережесіне сай келмеген 152 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі – қауіпсіздік белдігін тақпаған 470 жүргізуші анықталды. Аталған жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша жауапкершілікке тартылды. Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамаған жүргізушілерге бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары мегаполис тұрғындарына жол жүрісі ережесін қатаң сақтап, жолда өзінің және өзгенің өміріне жауапты екендіктерін ұмытпауды сұрайды.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.