Шымкент: Бизнес жоспар әзірлеп беремін деп, тұрғынның 460 000 теңгесін иемденіп кеткен азаматша ұсталды
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы мемлекеттік бағдарламаға арналған бизнес жоспар әзірлеп беремін деп сендірген. Осылайша ол қызметі үшін алдын ала 460 000 теңгесін иемденіп алған. Алайда, арада уақыт не бизнес жоспарын жасамай, не ақшасын қайтармай ізін суытқан.
Аталған жайтты ашу мақсатында Әл-Фараби АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тұрғынды алдап-соққан азаматшаның жеке-басын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 39 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, ұсталған азаматша арызданушыдан алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда азаматшаға қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар жоғы анықталуда.
Осы орайда, шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін, сақтық шараларын қатаң ұстануды сұрайды.
Егер Сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.