Шымкент: «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі М.М.Ахметжановтың 2022 жылға арналған нұсқаулығын орындау мақсатында Шымкент қаласының аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
Тәртіп сақшылары аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.
Айта кетейік, республика көлемінде қолға алынған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-қарашаға дейін жалғасады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі