Шымкент: Екі күнде автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған 220 жүргізуші жауапқа тартылды
Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Патрульдік полиция полкінің инспекторлары жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті (тәулік бойы) қызмет атқарады. Қала аумағында соңғы екі тәулік ішінде терезелері күңгірттелген 220 автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, 111 автокөлік айыптұраққа қойылды.
Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес (5) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Полиция қызметкерлері терезенің жарық өткізу талаптарының (нормаларынан) асып түсетін көлік құралдарын пайдалану жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі