ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАСЫНА 721,7 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Биыл алғашқы төрт айдың өзінде Шымкентке 134 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Биылғы жылдың соңына дейін Шымкент экономикасына 721,7 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға жоғары болмақ.

Егер биыл шаһар экономикасына тартылуы жоспарланып отырған инвестицияларды салалар бойынша талдасақ, негізгі үлес шағын және орта кәсіпкерліктің еншісінде екенін байқаймыз. 2023 жылы шағын және орта бизнес бағытына – 250 миллиард, индустриалды жобаларға – 56 миллиард, коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысына – 200 миллиард, туризм, көлік және сауда салаларына – 29 миллиард және ауыл шаруашылығына 15 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Осы орайда биыл жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың кейбіріне тоқталып өтсек деген ойдамыз. Мәселен, ірі жобалардың бірі ретінде «Shymkent Temir» ЖШС-інің болат блум өндірісін кеңейту жобасын айтуға болады. Компания бұл жобаға 5 миллиард теңге инвестиция бағыттап отыр. Сол арқылы қолданыстағы өндіріс кеңейтіліп, зауыттың қуаттылығы арта түседі. Нақтырақ айтар болсақ, жылына қосымша 250 мың тонна болат блум өнімдері жасалады деп жоспарланған. Бұл кәсіпорында 50-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.