Шымкент: Еңбекші ауданында 18 жасөспірім кешкі уақытта жарамазан айтып жүргені анықталды

 Еңбекші ауданының Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында үнемі жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады. Оның ішінде, балаларды түнгі уақытта көшеде жүрген кезінде туындауы мүмкін қауіпті жағдайлардан қорғау мақсатында күн сайын түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

   Мәселен, ағымдағы жылдың 19-сәуірінде Еңбекші ауданы бойынша  қоғамдық орындарда жарамазан айтып жүрген 18 жасөспірім анықталды. Тәртіп сақшылары балалардың ата-аналарына ескерту жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Жасөспірім балалардың туыстарына айтпай, үйден жыраққа шығып кету жайттарының соңы баланың жоғалуына әкеп соғуда. Қазір Рамазан айында балалар жарамазан айтады. Алайда, көшеде жүріп келе жатқан көлікке немесе мейрамханаларға кіріп, қоғамдық орында айтқаны дұрыс емес. Сонымен қатар, бағдаршамның әр бұрышына тоқтай берсең, кешке осындай көрініс көресің. Бұл жағдайлар оқыс жайттардың орын алуына мүмкіндік береді. Сондықтан ата-аналардан балаларға бас-көз болып, әрекеттері мен қозғалысын бақылауда ұстауды сұраймыз»,- дейді ювеналды полиция өкілдері.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.