Шымкент: Еңбекші ауданында рейдтік шара барысында 90 құқық бұзушылық анықталды
Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 30-наурызы сағат 17.00-ден 31-наурыз сағат 01.00-ге дейінгі аралықта көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және тиісті тәртіпті сақтау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізді.
Шара барысында 90 әкімшілік құқық бұзушылықты анықталды. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда: Қоғамдық орындарда қоқыс тастаған – 26 (ҚР ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша), белгiленбеген орындарда сауда жасаған — 4 (ҚР ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша), тыныштықты бұзған – 3 құқықбұзушыны (ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы) анықтаған.
Сондай-ақ, алкогольдік ішімдіктерді iшкен немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келген – 6 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы), абаттандыру қағидаларын бұзған — 2 (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы), кәмелетке толмаған жастардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны (ҚР ӘҚБтК 442-бабы) бойынша – 7 жайт тіркелген. Бұдан өзге, ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, ҚР-ның аумағына әкелу, ҚР-ның аумағынан әкету және ҚР-ның аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзған) – 16 азаматқа хаттама толтырылды және өзге де құқықбұзушылықтар бойынша 23 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.
Осыған орай, мегаполис полицейлері азаматтардың кез келген заң бұзушылыққа жол беруге болмайтынын және азаматтардың тыныштығын еске салады, сонымен қатар тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Баспасөз қызметі