Шымкент: «Ерлік – ұрпақ ұраны» байқауы өз мәресіне жетті

«Біртұтас ұлт – біртұтасәскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру мақсатында Тәжік-Ауған қақтығысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу және жеке құрама атқыштар батальонның шығарылғанына 22 жыл толуына орай, «Жас сарбаз» сынып тәрбиеленушілері арасында «Ерлік-ұрпақ ұраны» атты әскери-спорттық байқауының қалалық кезеңінің қорытынды финалы өткізілді.

 

Қалалық білім басқармасына қарасты орта  білім беру мекемелерінен 6-9 сыныптар арасынан жиырма бір «Жас Сарбаз» сыныбы ашылған,онда 550-ге жуық оқушы әскери-патриоттық тәрбие алуда.

Осыған орай, аталған іс-шараға аймақтық, аудандық, қалалық кезеңдерінен сүрінбей өткен жүзден жүйрік – мыңнантұлпар оқушыларымыз өз өнерлерін паш етіп, қалалық финалға білім басқармасына қарасты №7,24,64,68,89,99,103,127 орта білім беру мекемелерінің жас сарбаз тәрбиеленушілер ақтық сайысқа жолдама алып бақ сынасты.

Байқауға қатысушылар АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау нормативтерін, пневматикалық винтовкадан дәлдікке ату, дене дайындығы, жалпы әскери қорғаныс құралын кійу, берпи менарқан тарту ұлттық ойыны бойынша күш сынасты.

Сайыс қорытындысы бойынша, гран-при №68 мектебінің оқушыларын бұйырса, жүлделі үш орынды №99 мектеп-гимназиясы, №7 ІТ мектеп-лицейі мен №103 орта мектебінің оқушалыраны бөліп алды.

Жеңімпаздар ұйымдасырушылар қолынан «Тәжік-Ауған ШҚАБ ардагерлері ҚБ байқауының жеңімпазы» атты «Әскери адам»ауыспалы кубогі және статуеткалармен марапатталды.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.