Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде взводтардың жауынгерлік үйлесімділігі өтуде

Шымкент гарнизонында 2021 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық бағдарламасына сәйкес бөлімшелердің шоғырлаунынан кейін взводтарды дайындауға кірісті.

 

Оқудың барлық пәндері бойынша әдістемелік сабақтар рота командирлерінің басшылығымен «қарапайымнан күрделіге» реттілігімен бір ай бойы өтеді.

Жеке құрамды дайындау кезінде әскери қызметшілерден взводтың дайындық деңгейін анықтайтын нормативтер пысықталатын болады. Бұл атыс, саптық және тактикалық дайындық бойынша жаттығулар, сондай-ақ бөлімше құрамында жауынгерлік машиналарды жүргізу. Нормативтердің санын тікелей рота командирлері анықтайды.

Бұдан басқа, дайындық барысында командирлер ұрыстың әртүрлі түрлерін жүргізу және ұйымдастыру кезінде взводтарды басқару практикасына ие болады, жауынгерлік тәртіп пен атыс жүйесін қалыптастыру дағдыларын жетілдіреді, сондай-ақ әскери қызметшілердің штаттық қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы шебер әрі тиімді пайдаланудағы далалық дағдысын арттырады.

«Взводты дайындау бөлімшені оқытудың жоғары нысаны болып табылатын жауынгерлік даярлықтың әртүрлі іс–шаралар кешені, онда тактикалық әрекеттер соңғы кезеңде өткізілетін ату жаттығуларын орындаумен байланысты», — деп атап өтті батальон командирінің орынбасары капитан Бекзат Абжапаров.

Взводтарды дайындаудың соңғы кезеңінде жауынгерлік атыстар болады, олардың нәтижелері бөлімшелердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға қаншалықты дайын екендігі анықталады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.