Шымкент гарнизонының жеке құрамы, техникасы мен қару-жарақтары жазғы кезеңге дайын
Шымкент қаласының механикаландырылған бригадасында жеке құрамның, қару-жарақ пен әскери техниканың жазғы оқу кезеңіне дайындығы саптық тексерістен өтті.
Оған 1 000-нан астам әскерилер қатысты.
Әскери қызметшілердің киім нысаны мен киім-кешегі, бөлімшелердің жеке құраммен жасақталуы, бригада бөлімшелерінің қару-жарағы мен әскери техникасының жай-күйі тексерілді.
Жаңа оқу кезеңіне сапалы дайындық мақсатында бригадада жеке құрамды даярлау сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шаралар, атап айтқанда, нұсқаулық-әдістемелік және көрнекі сабақтары өткізілді.
– 2021 оқу жылының жазғы кезеңіне жоспарланған жауынгерлік даярлық іс-шараларын сапалы жүзеге асыру әскери қызметшілердің барлық санаттарының кәсіби біліктілігін арттыруға және басқару органдарының мақсаты бойынша міндеттерді орындауға келісімділігі мен дайындығын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, — деп атап өтті механикаландырылған бригада командирі подполковник Нүркен Қарағұлов.