Шымкент: Қайыршылық жасап жүрген азаматтар полицияға жеткізілді
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың бастамасымен белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды мониторингтеу және әлеуметтендіру жөнінде құрылған бастамашыл топтың мүшелері 2020 жылы 13 қараша күні сағат 15:48-де Шымкент қаласы Полиция департаментінің «Жедел әрекет ету» чатына Қалдаяқов көшесінің бойындағы «Мурат Фарм» дәріхананың маңында екі азаматша қайыршылық жасап жатқаны бойынша ақпарат келіп түсті.
Өз кезегінде Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ #19 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары және Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел әрекет жасап, аталған азаматшаларды полицияға жеткізді.
Аталған азаматшаларға қоғамдық орында қайыршылықпен айналысып жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.