Шымкент қалалық Антикор білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.
Жоспарланған жұмыс шеңберінде бюджеттеудің проблемалық мәселелері және оны игерудің ашықтығы зерделенетін болады.
Бұл туралы жұмыс тобымен кездесуде қалалық Антикор басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев айтты. Топ құрамына Департамент пен білім басқармасының қызметкерлері, мемлекеттік кірістер, білім сапасын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлік, ішкі аудит, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдар, «Әділдік жолы» РҚБ филиалының өкілдері, сондай-ақ қоғам белсенділері кірді.
Талдау қорытындысы бойынша педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге, мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруға және балаларды тамақтандыруға, мемлекеттік сатып алуды жүргізуге, жан басына шаққандағы қаржыландыруға қатысты бірқатар ұсыныстар берілетін болады.
Аталған саланың тұрғындар үшін маңыздылығын ескере отырып, толғандыратын мәселелерді Департаменттің taldau2023.2024@gmail.com электрондық поштасына немесе +7 747 741 76 28 WhatsApp нөміріне жолдауды сұраймыз.