Шымкент: Қаланың бас полицейі Абай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік органдардың қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас жасап, халыққа барынша жақын және олардың өтініштері қабылданып, тез арада заңды шешім қабылдану қажеттігін атап өткен еді. Осы орайда, 2021 жылы 4 ақпан күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов Шымкент қаласы Абай ауданы 12 және 16 учаскелік елдімекенінің тұрғындарымен кездесті. Жиынға қатысқан қала тұрғындары полиция басшысына өз көкейлеріндегі сұрақтарын жолдап, нақты жауаптармен қанықты. Кездесу барысында Шымкент қаласы Абай аудандық жергілікті тұрғындардың тарапынан айтылған мұң-мұқтаж тыңдалып, көкейтесті мәселелер талқыланды.
Қарапайым халықтың полиция басшысына қойылған сұрақтарына дер кезінде жауаптар алынып, кейбір мәселелер жуырда өз шешімін табатынына уәде берілді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар арасынан қоғамдық көмекшілер сайланып, құқықбұзушылықтардың алдын алуға өз септігін тигізетіні жайлы сөз болды. Әсіресе тұрғындар тарапынан жиі қойылған сұрақтар — ұрлық пен жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі жайында болды. Осы орайда қала тұрғындары көше бойында бейнебақылау камераларын және жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етуін сұрады.
Шымкент қаласы ПД бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетов әрбір қозғалған мәселелердің шешімі таппайынша бақылауда болатынын айтып, қарамағындағы қызметкерлеріне тапсырмалар тапсырды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың бірін қаланың бас полицейі 5 ақпан күні жеке қабылдап, азаматшаның мәселесін жауапты қызметкерге бақылауға алуға тапсырды.