ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы «NurOtan» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында болды.
Департамент басшысы А.Жұмағали мен оның орынбасарлары Т.Серікбаев, К.Қабылбеков азаматтарды қабылдап, мәселелелерін тыңдады.
Департамент басшылығына азаматтар миграция саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оралман куәлігін беру, алаяқтық фактілері және тағы да басқа сұрақтармен жүгінді.
Қабылдау барысында тұрғындарға құқықтық кеңестер беріліп, бірқатар мәселелер Департамент басшысының жеке бақылауына алынды.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажеттігі туралы атап өтті. Осы орайда, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы күн сайын азаматтарды қабылдауда.