Шымкент қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/3 мекемесі (қауіпсіздігі орташа) мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алды.

 Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі орташа ИЧ-167/3 (Шымкент қаласы, Тамерлан тас жолы 28/1, жалпы режим) түзеу мекемесінде 07.10.2020 жылы сағат 12:00 шамасында Шымкент қалалық прокуратурасы , мекеменің жедел бөлім қызметкерлерімен Ұлттық ұлан 6698 әскери бөлімінің әскери полиция бөлімшесімен бірлескен жұмыс нәтижесінде сотталған А жедел қызметкерлерге келіп, өз еркімен 1-дана BQ 1411 NANO маркалы ИМЕЙ: 1) 352057117254163; 2) 352057117254171 ұялы телефон, алып келген. Сұрау барысында жоғарыда көрсетілген ұялы телефонды ҰҰ 6698 әскери бөлімінің маман бақылаушысы қатардағы М есімді азамат әкеліп бергенін айтқан. Жүргізілген іс-шаралар барысында Шымкент қалалық прокуратурасы, Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері, Ұлттық ұлан 6698 әскери бөлімінің әскери полиция бөлімшесі және мекеме қызметкерлерірінің қатысуымен маман бақылаушы қатардағы М есімді азаматты сұрақ алу барысында, ол өзі 1-дана BQ 1411 NANO маркалы ИМЕЙ: 1) 352057117254163; 2) 352057117254171 ұялы телефон,  сотталған А есімді азаматқа әкеліп бергенін толық мойындап, осы іс-әрекеті үшін ешқандай сыйақы алмағаны туралы түсініктеме берді. Осы жағдай бойынша мекеменің АЕК-ге № 207911080000050 санымен тіркеліп, процесуалдық шешім қабылдау үшін ҰҰ 6698 әскери полиция бөлімшесіне құжаттар жолданды.

     М.Боранов,

  ИЧ-167/3 мекемесінің Ж/Б жедел уәкілі әділет лейтенант. 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.