Сотталғандарға психологиялық көмек көрсетілуде
Түзеу мекемелерінде қатаң ұстау жасағына түскен сотталғандар басым бөлігі шындығына келгенде әлеуметтік көмекке мұқтаж. Түзеу мекемелерінде бұл мәселелермен психолог мамандары айналысады.
Мекемедегі психолог алдын-ала диагностикалау жұмыстарын карантин үй-жайында сотталғанмен алғаш кездескен сәттен бастайды, процесс барысында басым проблемаларды және маңызды жеке тұлғалық келбеттерді анықтайды. Алайда, жеке істе көрсетілген мәліметтерден деректерді алу, көзбен шолып шығу, кейбір сотталғандардың мінез-құлқындағы сезімдер мен теріс нысандар толық болмайды және қате шығуы мүмкін.
Сондықтан, сотталғандарға психологтар мен кездескен кездегі алғашқы әсері, оларды тексеруге және алдағы уақытта байланыс орнатуға айтарлықтай әсер етеді. Сол себепті қатаң ұстау жағдайында әңгімелесу барысында сотталған азаматардың іштей депрессияға түсуі әбден мүмкін.
Сотталғанның жеке тұлғасын зерделеу – құқыққа қарсы мінез-құлықтың алдын алуға, түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың жеке тұлғасының оң жолды таңдауын ата басты психологиялық және педагогикалық ықпал етудің, міндетті шарты болып табылады. Өз кезегінде психологтар фактілерді айқындаумен ғана шектелмейді, олар сотталғандардың жаңа жағдайға ойдағыдай бейімделуіне көмек көрсету мақсатында ықпал ету шараларын өңдеу болып табылады. Бейімделу кезеңі жаза өтеу аралығындағы маңызды және күрделі кезеңдер болып табылады, себебі ол кезеңде уәждер қалыптасады және жүріс-тұрыстың стереотипі таңдалады.
М.Жайсанбекова,
ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің Аға инспектор психологы.