Шымкент қаласының аумағында ұрлық қылмыстарының алдын алу және болдырмау бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар
Қылмыстардың ішіндегі бөтеннің мүлкін ұрлау – ең кең таралған қылмыстық әрекет болып табылады. Сол себепті бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу, ескерту, анықтау, ашу және тергеу бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында «ҚР ІІМ-нің ұрлыққа қарсы күресудің 2019-2020 жылдарға арналған Бағдарламасы» бекітіліп, осыған байланысты жоспарға сәйкес іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Осы, қабылданған Бағдарламаны іске асыру жоспарының желілік кестесі мен көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету Шымкент қаласы Полиция департаментінің Аудандық полиция басқармаларының басшыларына жүктеліп, орындалу барысы ұдайы қадағалануда.
Бағдарлама негізінде, Шымкент қаласы аумағында бөтеннің мүлкін ұрлаумен күресудің өңірлік жоспары әзірленіп, жоспар мазмұнында бұрын жасалған ұрлықтарды анықтап, ашу мақсатында Шымкент ҚПД мен Шымкент қаласы ҚАЖД арасында бірлесіп атқарылатын шаралар тізімі көрсетілген.
Құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қаласының Үйлестіру кеңесінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес қалалық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бөтеннің мүлкін ұрлау құқық бұзушылықтарының профилактикасы және олардың жолын кесуге бағытталған бірқатар ұйымдастыру және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. 2020 жылға арналған бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күресті күшейтуге бағытталған тұрпатты жоспарының орындалу нәтижелері Шымкент ҚПД-нің жедел кеңесінде талқыланды.
Өңірлік бағдарлама бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарына қарсы күрес бағытында криминогендік ахуалды тұрақтандыру, кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізу және оларды дер кезінде ашуға бағытталған.
Жоспарда қала көлемінде және әрбір АПБ-ның аумағында орын алған бөтеннің мүлкін ұрлау дәйектері жан-жақты талданып, сараптама жұмыстарын (уақыты, әдісі, орны, ұрланған заттардың түрлері бойынша) жүргізіп, олардың орын алуына ықтимал жасайтын себептер мен жайттарды анықтау, аталмыш қылмыстардың алдын алуға бағытталған әр ауданның өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты барлық салалық қызметтердің біріккен жедел сауықтыру және жедел іздестіру жұмыстарын ұйымдастырылды, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарына жүргізілген сараптамалар мен талдаулардың нәтижесі бойынша жедел жағдайға тез арада әсер етуді қамтамасыз ету мақсатында ІІО-ның сыртқы қызметтерінің күш-құралдарын аталмыш қылмыстардың көп орын алатын жерлеріне, уақыты мен тәулік мезгіліне байланысты тартуды және шоғырландыруды жедел жағдайға байланысты әр он күн сайын қайта қарап, күштер мен құралдарды сол жерлерге жұмсалған.
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу, ескерту және ашу үшін құқықтық бағыттағы коғамдық құрылымдар желісін дамытуды жалғастыру, жеке меншіктің барлық нысандарының жетекшілерімен өз мүліктерін сақтау жөнінде шаралар қабылдау мақсатында күзет құрылымдарын жұмылдыру немесе оларды техникалық құралдармен жабдықтау қажеттілігі жайлы ұдайы негізде түсіндірме жұмыстарын жүргізу сияқты іс-шаралар жүргізілуде.
Сонымен қатар ұрлықтардың алдын алу, ескерту бойынша насихаттар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, пәтерлерді дабыл сигнализациясымен жарақтау, мал ұстайтын орындарда автономды сигнализация және техникалық құралдармен жабдықтау шараларын жүргізу ұсынылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ұрлықтардың алдын алу, ашу мақсатында департамент қызметкерлері жергілікті әкімдіктер және ветеринариялық қызметкерлермен бірлесіп жедел-профилактикалық іс шаралар өткізуде.
Тіркелген пәтер ұрлығы қылмысының басым бөлігі қаладағы мөлтек аудандарда орын алатынын ескеріп, пәтер ұрлықтарына жасалған талдау барысында, сыртқы есіктердің кілтін іріктеу арқылы, терезелерді
күштеп итеріп ашу, есіктерін бұзу арқылы, сыртқы есіктің ашық қалу және тағы да басқа жолдармен кіру арқылы жасалады. Пәтер ұрлықтарының басым бөлігі қала орталығында жасалуына байланысты, аталған қылмыстарды жасауға бейім адамдар мен бұрын шартты түрде сотты болғандардың тізімдері жасалып, оларға қатысты жедел бақылау орнатылып, тексерілуде. Сондай-ақ, пәтерл
ерін дабыл қондырғыларымен жарақтау туралы халық арасында жеке күзет құрылымдарымен бірге тұрғындарға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт-насихат іс-шаралары жүргізілуде.
Қоғамдық автокөліктерде жасалатын қалта ұрлықтарының алдын алу мақсатында Жергілікті полиция қызметі және жедел қызмет салалары қызметкерлерінен мобильдік топтар құрылып, қоғамдық көліктерде азаматтарды шамадан тыс тасымалдап, жолда жүру ережесін бұзғандары үшін көлік жүргізушілеріне заңда белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қолданылуда.
Атап айтқанда, Шымкент ҚПД бастығының өкімімен Шымкент қаласы аумағында орын алған автокөлік құралдарына байланысты қылмыстармен, пәтер ұрлықтарымен және алаяқтық қылмыстарымен күресумен айналысатын Шымкент ҚПД-нің 4 полиция басқармасы мен Шымкент ҚПД КПБ-ның қызметкерлерінен жасақталған шұғыл-тергеу топтары құрылған. Аталған топтардың іс-әрекеттері апта сайын Шымкент ҚПД КПБ-ның басшыларының алдында талқыланып, оларға нақты тапсырмалар мен әр сала бойынша нұсқаулар дайындалып, орындалуы бақылауға алынған.
Сондай-ақ, қала аумағындағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру және қылмыспен күресті жандандыру мақсатында, ІІО қызметкерлерінің кешенді күштерінің қатысуымен «Мал ұрысы», «Пәтер», «Айдап әкету» және т.б. жедел-сауықтыру іс-шаралары өткізілді.
Атап айтатын болсақ қала аумағында 2020 жылға арналған жедел-профилиактикалық іс-шаралар кестесіне сәйкес, мал ұрлығын ашу бойынша қабылданып жатқан шараларды жандандыру және тиімділігін арттыру, жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларды кешенді өткізу мақсатында ағымдағы жылдың қараша айының 16 мен 21 аралығында, Шымкент қаласы аумағындағы АПБ-ларының барлық күш-кұралдарын қатыстыру арқылы «Мал ұрысы» жедел-сауықтыру іс-шарасы өткiзілді. Іс-шараны өткiзу барысында 30 бас ұрланған мал иелеріне қайтарылды.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Шымкент қаласы аумағындағы АПБ-ның барлық күш-кұралдарын қатыстыру арқылы «Пәтер» жедел-сауықтыру іс-шаралары өткiзілді. Нәтижесінде қала аумағында ұялы телефон, тұрмыстық техника, алтын бұйымдар, мал және темір қақпақтары ұрлықтары бойынша олардың сату және сатып алу орындарын, сонымен қатар оларды жедел жабу, жедел қызығушылық танытатын адамдарды анықтау мақсатында металл қабылдайтын 74 нүкте, ұялы телефон қабылдайтын 31 нүкте, 146 ломбард, алтын бұйымдар сататын орындар бойынша барлығы 47 нүктелер, автокөліктің бөлшектерін сататын орындар бойынша барлығы 46 нүктелер тексерілді.
2020 жылдың 10 ай қорытындысымен қала аумағында 3550 бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы тіркелген, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда екі есеге дейін азайған.
Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Ергешов