ШЫМКЕНТ: ҚАПАЛ БАТЫР КӨШЕСІНДЕГІ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«Сапалы жол» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен бірлесе мегаполистегі Қапал батыр көшесінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізіп, бірқатар кемшіліктерді анықтады.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының қалалық филиалдары өкілдерінің айтуынша, жол сапасы жылжымалы зертханада тексеріледі. Асфальтты арнайы аппаратпен ойып, оның құрамы мен стандарты сараланады.
Зерделеу барысында мамандар жолдың жиек тастарын, аяқжол өрнек тастарын, асфальтбетон қабатын тексерді. Анықталғанындай жол жиегінің тығыздығы сәйкес келмейді, сонымен қатар, асфальттің кейбір жерлерінде жарықтар пайда болған.
Осыған байланысты тапсырыс беруші мекеме мердігерге аталған кемшілікті жоюды тапсырды. Өз кезегінде мердігер компания «Базис К» ЖШС аталаған кемшіліктерді қайта түзететін боламыз деп сендірді.
Департаменттің өкілі С.Әсілбек қалада салынып жатқан жолдарға мониторинг жұмыстары жоспарға сәйкес және жоспардан тыс қала тұрғындардың арыз-шағымы негізінде жүргізіліп отыратындығын жеткізді. Сонымен қатар, мегаполистегі жолдардың сапасына көңілі толмаған азаматтарды Департаментке немесе «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне хабарласып, белсенділік танытуға, жолдардың сапасын бірлесе бақылауға шақырды.
Айта кетейік, Жыл басынан аталған жоба аясында 16 рейд жүргізіліп, 73 кемшілік анықталған, оның 43 қалпына келтірілген.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.