Шымкент: Қару сақтау ережесін бұзған азамат жауапкершілікке тартылды

Ағымдағы жылдың 7-ақпанынан бастап Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты – атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, азаматтық және қызметтік қару айналымына  тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр.

Шара барысында Еңбекші АПБ ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторларымен Еңбекші ауданының тұрғынына қаруға берілген рұқсат қағазының мерзімі өтіп кеткендігі анықталған. Аталған азаматқа қатысты қару сақтау ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.