ШЫМКЕНТ: КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДА КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Бүгін Шымкенттегі квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында комплаенс қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша «Комплаенс қызметі — квазимемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының басшысы Ж.Рысбекова, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, бизнес, білім, денсаулық сақтау салаларының өкілдері қатысты.
Онлайн шара барысында Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оны болдырмаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану мәселелері, оның ішінде корпоративтік сектор үшін де міндет екендігін жеткізді. Бизнестің адалдығы маңызды деген Департамент басшысы, компаниялардың заң талаптарын және өзіне қабылдаған барлық тиісті міндеттерді орындауына тоқталды.
«Бүгінгі таңда әлемде корпоративтік парасаттылықты қамтамасыз етудің негізгі құралы комплаенстің тәуелсіз қызметтерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау шеңберіндегі тиімді қызметі болып табылады.
Комплаенс мамандарының негізгі міндеттерінің бірі — құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылады» — деді А.Жұмағали.
Сонымен қатар, ол басты ұстаным квазимемлекеттік сектордың барлық ұйымдарында комплаенс бөлімшелерін құру және олардың тиімді қызметі екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының басшысы Жанар Рысбекова сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің тиімді жүйесін құруға, ең алдымен ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандарты демеу болатындығын жеткізді. Сондай-ақ, спикер ISO 37001 стандарты және оның негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қалай құруға болатыны туралы толық ақпарат берді.
Жиынға қатысушылардың пайымдауынша компаниялар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес коммерциялық тұрғыдан орынды екенін түсінушілік артып келеді, өйткені жемқорлық бизнес үшін беделге және қаржылық шығындарға нұқсан келтіреді.
Комплаенс қызметін 5 жылдан бері қолданысқа енгізген «СП «Инкай» ЖШС тәжірибелерімен бөлісіп, мақсаты мен міндеттерінен хабардар етті.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов аталған саладағы комплаенс қызметтерін енгізуге қатысты мәлімет берсе, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков парасаттылық құндылықтарын дәріптеу жайында сөз қозғады.
Шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі басымдықтарын талқылап, пікір алмасып, тәжірибемен бөлісті. Жалпы іс-шараға 50-ден астам квазимемлекеттік және жеке сектор басшылары қатысты.