Шымкент: Мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алып беремін деп, тұрғынның 500 000 теңгесін иемденіп кеткен азаматша анықталды
Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша мемлекеттік бағдарлама арқылы кезектен тыс үй алып беремін деп, алаяқтық жолмен 500 000 теңгесін иемденіп кеткендігін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде, 1995 жылы туылған жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда аталған азаматшаға тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға, бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге және барлығын заң жүзінде жасауға кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.