Шымкент: «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
Шымкент қаласы полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қала аумағына заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау мақсатында 2023 жылдың 20-ақпанынан бастап «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның үш тәулігінде қала аумағында шетелдіктердің болатын орындарына, жеке тұрғын үй секторлары, саяжай алқаптары және т.б. оның ішінде азаматтардың еңбегін пайдалану фактілерін анықтау барысында, Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-нан кету Ережелерін бұзған барлығы – 301 шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көші-қон заңдылығын өрескел бұзған 15 шетелдік Қазақстан Республикасы аумағынан аластатылды.
«Мигрант» іс-шарасы ағымдағы жылдың 28-ақпанына дейін жалғасады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі