Шымкент: Нашақорлықтың алдын алу мақсатында әлеуметтік жарнамалар орналастырылды
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастамасымен қаланың 30 негізгі жолдары мен көше қиылыстарында орналасқан билбордтарға есірткіге қарсы бағытталған әлеуметтік жарнамалар ілінді. Атап айтқанда, әлеуметтік жарнамалар Әл-Фараби алаңы, Қонаев даңғылы мен Іляев көшелерінің қиылысы, Тәуке хан даңғылы мен Тәшенов көшелерінің қиылысы, Республика даңғылы мен Қалдаяқов көшесінің қиылысы, Рысқұлов көшесі, Қонаев даңғылы, Жібек жолы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысы, сондай-ақ Уәлиханов көшесінде орналастырылды.
— Аталған жарнамалық билбордтар қала тұрғындарын есірткіден аулақ болуға шақырады және қоғам назарын осы мәселеге аударып, есірткіге деген теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған, – дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі