ШЫМКЕНТ: ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті облыстық балалар ауруханасының ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында жиын өткізді.
Шараға Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Н.Қасымбеков, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар және аурухана ұжымы қатысты.
Іс-шарада Н.Қасымбеков жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, сыбайлас жемқорлықтың себептерін бірлескен шаралармен жоюға шақырды.
Сонымен қатар, ол парақорлықпен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілгенін және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынғанын хабарлады.
Денсаулық сақтау саласы өкілдеріне қатысты келіп түскен шағымдардың аз еместігі хабарланып, басты мақсат жемқорлықтың алдын алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, талқылау болып табылатындығын жеткізді.
Шара барысында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жұмыстармен таныстырды.
Сонымен қатар, шарада сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Агенттіктің тәулік бойы қызмет ететін 1424 Call-орталығына хабарласа алатындығы жеткізілді.